22 мамыр күні Қазанбас ауылдық кітапханасының кітапханашысы жоғары сынып оқушыларына арналған «Осындай әртүрлі әрі таңғажайып» атты мамандықтар әлеміне танымдық саяхат өткізді.Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың мамандықтар әлемі туралы түсініктерін кеңейту, түрлі сала мамандарының еңбек қызметімен таныстыру және жасөспірімдерге кәсіби бағдар беруге ықпал ету.Іс-шара барысында оқушылар шағын наубайханаға барып, наубайшы мамандығымен танысты. Мамандар нан және нан-тоқаш өнімдерін дайындау технологиясы туралы айтып, өндірістік құрал-жабдықтарды және нан пісіру кезеңдерін көрсетті. Балалар жұмыс барысын қызығушылықпен бақылап, наубайшы еңбегінің шеберлікті, жауапкершілікті және ұқыптылықты талап ететінін білді.
Сонымен қатар оқушылар теміржолдың ЭЦ постына барып, теміржол саласындағы мамандықтардың ерекшеліктерімен танысты. Қызметкерлер пойыздардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету жұмыстары, жабдықтардың қызметі және теміржолдағы қауіпсіздік шаралары туралы түсіндірді.