8 мамыр күні Отан қорғаушылар күніне – 7 мамырға орай Құсмұрын балалар кітапханасында ерлікке, намысқа және Отанға деген сүйіспеншілікке арналған көрме-үндеу ұйымдастырылды.Көрме оқырмандарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің тарихымен, еліміздің бейбітшілігі мен қауіпсіздігін қорғаған және қорғап жүрген батырлардың ерліктерімен таныстырады.Көрмеге қойылған кітаптарда жауынгерлік ерлік, отансүйгіштік, әскери борыш, нағыз азаматқа тән батылдық пен қайсарлық туралы баяндалады. Сонымен қатар Отан қорғауды өмірінің басты міндеті санаған азаматтардың тағдыры мен өнегесі туралы әдебиеттер ұсынылды.Көрме оқырмандарды бейбітшіліктің, ел бірлігінің және туған ел алдындағы жауапкершіліктің маңыздылығы туралы ойлануға шақырады.Көрме-үндеу «Отан қорғаушы болу – батыл, адал және туған еліне берілген азамат болу» деген маңызды ойды насихаттайды.











