20  шілде  Новонежин ауылдық кітапханасында қазақтың ұлы ағартушысы, педагог, этнограф, балалар әдебиетінің негізін қалаушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай «Дала жұлдызы – Ыбырай Алтынсарин» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – ұлт ұстазының өнегелі өмір жолын, халқына сіңірген өлшеусіз еңбегін, ағартушылық қызметін кеңінен насихаттау, оқырмандардың тарихи танымын кеңейтіп, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру.
Дөңгелек үстел барысында кітапханашы ағартушының өмірбаянына тоқталып, қазақ даласында алғаш мектептер ашып, жас ұрпақтың білім алуына жол салған ұлы тұлға екендігін ерекше атап өтті. Халықты білімге, еңбекке, адамгершілікке үндеген шығармалары мен тәрбиелік мәні зор әңгімелері жайлы мазмұнды әңгіме өрбіді.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға рухани тағылым сыйлады. Дөңгелек үстел жас ұрпақтың ағартушының мол мұрасын тереңірек танып-білуіне, білімге құштарлығы мен елжандылық қасиеттерін нығайтуға ықпал етті.