«Кітап фримаркеті» - бұл жаңа бастама! Фримаркет – бұл оқыған кітаптарды басқа да оқығысы келген кітаптарға айырбастау орны. Қаңтар айында аудандық кітапхананың оқырмандарын «Кітап фримаркеті» атты  керемет акциясы қарсы алды.

Сағат 9.00 бастап 18.00 дейінгі уақытта барлық қалаушыларға фримаркетке оқылған кітаптарды басқалар оқуы үшін кітаптар  әкелу ұсынылды. Алдымен үстелде барлығы 10 кітап жатты. Оқырмандар сүйікті кітаптарын басқаларға ұсыну үшін әкеле бастады. Бұл күні кітапханалық фримаркеттен ешкім құр қол кетпеді! Құрметті оқырмандар! «Кітап фримаркеті» жылдың соңына дейін жұмыс істейді. Хош келіңіздер!