7 тамыз күні Абай күніне орай Құсмұрын ауылдық кітапханасы ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын насихаттау мақсатында «Мен Құнанбаевты шабытпен оқимын» атты әдеби шолу өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқырмандардың ақынның шығармашылығына деген қызығушылығын арттыру, ұлы ақынның рухани мұрасын дәріптеу және жас ұрпақты білімге, еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқырмандарға ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беріліп, ақынның өлеңдері, қара сөздері мен аудармалары таныстырылды. Ұлы тұлғаның адамгершілік, білім, еңбек, ғылым және ел бірлігі туралы терең ойлары сөз болды.
Әдеби шолу барысында кітапхана қорындағы ақын шығармалары мен зерттеу еңбектеріне шолу жасалып, оқырмандарға кітаптар таныстырылды. Қатысушылар ақынның өлеңдерін оқып, оның шығармаларының тәрбиелік мәні жөнінде ой бөлісті.
Ұлы тұлғаның мұрасы – ұлттың рухани қазынасы. Оның тағылымды шығармалары бүгінгі ұрпақ үшін де өз маңызын жоғалтпайды.