11 қыркүйек күні  Аманқарағай ауылдық кітапханасы-коворкинг кітапханашылары белгілі жазушы-сатирик, журналист, Әулиекөл ауданының тумасы Ғұмар Ахметчиннің туғанына 85 жыл толуына орай «Сатира мен әзіл» атты әдеби портрет өткізді.Іс-шара барысында оқырмандар жерлес қаламгердің өмірі мен шығармашылығымен, әдеби мұрасымен және сатиралық жанрдың ерекшеліктерімен танысты.Қатысушылар автордың әзіл мен сатира арқылы адам бойындағы кемшіліктер мен өмірдегі түрлі жағдайларға шебер назар аударғанын атап өтті. Оның шығармалары оқырманды күлдірумен қатар, белгілі бір мәселелер туралы ойлануға жетелейді.Шара қызықты әрі танымды өтті. Кездесу оқырмандарға талантты жерлес жазушы Ғұмар Ахметчиннің шығармашылығына қайта үңіліп, оның әдеби мұрасын тереңірек танып-білуге мүмкіндік берді.