23 қыркүйек күні Әулиекөл аудандық кітапханасында «Дәстүр» үйірмесінің әжелерімен бірлесіп, қазақ халқының салт-дәстүрін дәріптеуге арналған «Ат тергеу» атты тағылымды іс-шара өтті.
Шара барысында әжелеріміз қазақтың ежелден келе жатқан «Ат тергеу» дәстүрі туралы кеңінен айтып, оның мән-мағынасын түсіндірді. Ұлттық салт-дәстүрді насихаттау мақсатында әжелер арнайы қойылым қойып, көрермендерге дәстүрдің тәрбиелік мәнін көрсетті.
Келген қонақтар мен оқушыларға әжелеріміз бауырсақтар тараттылды.Сонымен қатар дәстүрлі «Дорба ашу» рәсімі көрсетіліп, дорбадан тәттілер шығарылып, балаларға үлестірілді.
Іс-шара барысында қазақтың салт-дәстүрлеріне арналған әндер орындалып, әжелеріміздің өнегелі әңгімелері тыңдалды. Оқушылар мен қонақтарға қазақтың мақал-мәтелдері жасырылып, олардың білімдері мен тапқырлықтары сыналды.
Шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа халқымыздың ұлттық құндылықтарын таныстыру, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу және атадан балаға жалғасқан асыл мұраларды дәріптеу.