Биыл қазақ айтысының дүлдүлі, жыр бұлбұлы - Әсия Беркенованың мерейтой жылы. Осының құрметіне арналған аудандық кітапханасында «Айтысқа әзілімен жарасқан» атты әдеби музыкалық кеші ұйымдастырылды.

Бұл кеште Сьянов атындағы оқушылары қатысты. Оқырман залында іс-шараның тақырыбына сай қөрнекті құралдармен кітап көрмесі, слайдтар, айтыстар көрсетілді. Шара барысында оқушыларға, оқырмандарға Әсия Беркенованың өмір баянымен,жасаған қызметтерімен,еңбектерімен таныстырылды. Жастарға викторина ретінде сұрақтар қойылды.