Ұлы Жеңістің 70 жылдығына Әулиекөл аудандық кітапханасында «Ұлы Жеңіске мың тағзым» әдеби-музыкалық кеш өткізілді. Іс-шараға ауылшаруашылық колледжінің студенттері, кітапхана оқырмандары шақырылды.

Кітапхана қызметкерлері бейнефильмдармен тұсаукесерді қоса біздің батыр-жерлестеріміз С.Баймағамбетов, И.Съянов, С.Нелюбов, С.Нечипуренко, М.Сальниковтардың ерліктері туралы оқырмандарға айтып берді. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әндер айтылды. Ұлы Отан соғысы туралы кітапхана қорындағы журналдар мен кітаптардың кітап экспозициясы оқырмандардың көңілінен шықты. Оқырмандар музыкалық және интеллектуалды викторинаға қатысып, Қазақстан тарихы бойынша өз білімдерін тексере алды. Бұл күні «Забвению не подлежит» буктрейлерінің облыстық конкурсы жеңімпаздарының соғыс туралы кітаптарының беттері бойынша экскурс- буктрейлерлері өткізілді.