Шоқан Уәлихановтың есімі Қазақстанда мәдениет тарихы мен қоғамдық- ғылыми пікірінде шын мәнінде құрметті орын алады.

Аса құрметті ғалым, ағартушы өте пайдалы ғылыми іздеулердің бірнешеуін Шығыс халықтарының география, тарих, этнография, фольклор саласында қолданды. Біздің жерлесіміз Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығына Әулиекөл аудандық кітапханасы «Жұлдызы жаңған ғалым» кітап көрмесін безендірді. Көрмеде Шоқан Уәлихановтың өмір шолуы, шығармашылығы мен ғылыми еңбектері кеңінен көрсетілді. Әр кітап сөресі Шоқан - зерттеуші, Шоқан- тарихшы, Шоқан - фольклоршы, Шоқан - суретші сияқты ақпаратка толы, ал «Шоқан біздің мақтанышымыз» атауындағы бөлігінде оқырмандарға жерлесіміз Шоқан Уәлиханов туралы көркем шығармалар ұсынылды.