2015 жылдың 29 қыркүйегінде Әулиекөл аудандық кітапханасында Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың 180 жылдығына арналған «Жұлдызы жанған ғалым» тақырыбында облыстық көшпелі семинар өтті. Шараның мақсаты – Шоқан Уәлихановтың шығармашылық мұрасы мен ағартушылық еңбектеріне байланысты мәліметтерді насихаттау, әріптестердің жұмыс тәжірибесімен танысу, кітапханашылардың біліктіліктерін арттыру үшін ғылыми ақпаратты талқылау.
Семинар Ш.Уәлихановтың ескерткішіне гүлдерді қою рәсімімен басталды, қонақтар мен қатысушыларды Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Есенғалиев Марат Жалғасұлы қарсы алды. Семинарды аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Омарова Жаңылсын Бахытжанқызы ашты, семинар қатысушыларына арнап, Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының бас маманы Олжабаева Роза Төлешқызы құттықтау сөз сөйледі. Семинар жұмысына ҚМПИ «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы Анасова Айнаш Бектұрсынқызы, өлкетанушы Смағұлова Асыл Сұлтанғалиқызы, Ы.Алтынсарин ат. облыстық мемориалдық мұражайы директорының орынбасары Қуанова Роза Қаратайқызы, №28 Құсмұрын орта мектебінің мұғалім-зерттеуші Қайпбаева Бакен Қабенқызы, Қостанай облысының мемлекеттік кітапханаларының, Әулиекөл ауданының кітапханашылары қатысты. Семинарда бірнеше баяндамалар, кітапхана көрмесіне шолу, виртуалды кітап көрмесі, Әулиекөл аудандық кітапханасында экскурсия, кәсіби пікірталас өтті. Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісті.