Әулиекөл аудандық кітапханасында 15 қазанда «Береке! Бірлік! Ынтымақ!» атты достық фестивалі өткізілді.
Шараға ауылшаруашылық колледжінің студенттері шақырылды. Салтанатты ахуалда Қазақстан әнұраны айтылды, бағдарламаны жүргізушілер бірліктің рөлі мен Қазақстан халқының ұйымшылдығы туралы айтып берді. Бағдарламада электронды тұсаукесер және бейнесюжеттер қоса көрсетілді. Фестивальге қатысушылар ұлттық костюмдер киіп, қонақтарды шәшу және тойбастар дәстүрлі тағамдарымен қарсы алды. Қазақстан туралы викторина жүргізілді. Іс-шара аяқталғаннан кейін әр түрлі халық өкілдері өз ұлттық тағамдарынан ауыз тигізді.