Әулиекөл орталық кітапханасы Құсмұрын УК-161 түзету-еңбек колониясында Жеңіс күніне арналған «Тарихтың даңқты беттері... » атты әдебиетпен танысуды ұйымдастырды.

Көрме алдында шолу жасалып, С.Баймағамбетов, И.Сьянов, В.Нечипуренко және т.б. жерлестеріміздің өшпес ерліктері жайында айтылды. Кітаптардан маңызды да қызықты үзінділер оқылды. Оқырмандарды әсіресе, Әулиекөл ауданының жазушысы Ақдәулет Сатыбалдының «Соңғы сәтте» атты кітабы қызықтырды.