Әулиекөл аудандық кітапханасында ауылшаруашылық колледждің студенттеріне арналған «Жүректерді ән кернеп» атты соғыс жылдарының ән кеші өткізілді.

Кеште соғыс жылдарындағы және соғыстан кейінгі әндер, сонымен қатар Ұлы Отан соғысы туралы қазіргі кездегі әндер шырқалды. Балаларды әсіресе, соғыстан қайтпаған солдаттар туралы әндер – «Тырналар», «Жеңіс күні» (қазақ тілінде), «Алеша», «Сол бір көктем» атты әндер қатты толқытты. Соғыс жылдарындағы әндер бүгінгі күні де жас ұрпақты ерлікке, патриоттық сезімге, адамгершілікке баулиды.