Қостанай облысының 80-жылдығын тойлау аясында Әулиекөл аудандық кітапханада оқырмандарға арналған «Әулиекөл жерімен» атты әдеби-тарихи саяхат өткізілді.

Жүргізушілер экскурсия түрінде Қостанай облысының құрылғаны және Әулиекөл ауданының шығу тарихы туралы әңгімеледі. Шараның шарықтау шегі ретінде жергілікті прозаик жазушы Ақдәулет Сатыбалды Әбілұлымен кездесу болды. Шараға қатысушылар жазушының шығармашылығымен танысты. «Батыр Дүзей» атты жаңы тарихи кітаптың тұсаукесеру өтті. Оқырмандар жерлес жазушының шығармашылығына аса үлкен құрмет танытты. Кездесу барысында жазушы өз кітаптары туралы айтып, жүргізушілердің, залда отырғандардың сұрақтарына жауап берді. Шара слайд-тұсаукесер және бейнефильм көрсетумен әсерленді.