ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығы аясында Әулиекөл ОКЖ Аманқарағай СК  «Мен өз елімнің патриотымын» «Я патриот своей страны» атты патриоттық сағат өткізді.

Аталмыш шара ойын-сауық орталығының акт залында  өтті, оған  И.Н.Островский атындағы орта мектептің 9-10 сынып оқушылары қатысты. Шараның мақсаты – өскелең ұрпақты  өз Отанын сүюге және құрметтеуге тәрбиелеу. Кітапханашылар экономикасы дамыған,   болашаққа деген үлкен үміті бар тәуелсіз демократиялық мемлекет туралы, еліміздің Прехиденті – өз елінің патриоты, данышпаны Н.Ә.Назарбаев туралы әңгімеледі. Қазақстандық патриотизмді қалыптастыратын мемлекеттік рәміздерге ерекше назар аударылды.  Балалар патриотизм туралы сауалнама сұрақтарына жауап беріп, викторинаға қатысты. Шара «Менің Қазақстаным» атты бейнеролик көрсетумен аяқталды.