2018 жылы 6 ақпанда аудандық мәдениет үйінде Әулиекөл аудандық кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Рухани қазына» ішкі бағдарламасы аясында Астананың 20-жылдығына арналған «Ару қала, арман қала, жас қала» көрме-орнатымын ұйымдастырылды.
Астана – Тәуелсіз мемлекетіміздің даму жолындағы көрнекі мысалы.Астананың 20 жылдығын тек қане астана тұрғындары ғана емес, Қазақстанның барлық қалаларында тойланады. «Ару қала, арман қала, жас қала» көрме - орнатымында Астана қаласының тарихы, бүгінгісі мен болашағы, экономикасы, мәдениеті және астананың әлеуметтік даму аспектілері туралы әдебиеттер ұсынылды.