Маскүнемдік және шылым шегу,алкоголизм мен нашақорлықтың - денсаулыққа өте зиянды екені туралы өте көп айтылып келеді және айтылады да. Кейде оларды «зиянды әдеттер » деп те атап жүрміз.
Бұл әдеттер көптеген азап мен қасірет әкеліп,қоғамның әлеуметтік жауызы болып табылатыны аян. 22 ақпан күні ауылшаруашылық колледжінің оқу залында Әулиекөл аудандық кітапханасы «Қауіпті белгілер» атты ашық әңгіме жүргізді. Іс шара барысында шылым шегу, алкоголизм мен нашақорлықтың зияны туралы айтылды. Ұйымдастырушылар студенттерді ашық әңгімеге тартты, кейбір балалар алғашқы рет шылымды еріккеннен шегіп көргендерін және олардың зиянды ықпал ететінін түсінгендерін айтып берді. Іс шара тұсаукесер және бейнероликтермен сүйемелденді. Балалар толық, қызықты жауап берген викторина сұрақтары қойылды. Ашық әңгіменің соңы «Мен әрқайсысыңды салауатты өмір салтына шақырамын,өз абыройларыңды түсірмеңдер!» деген жүргізушінің сөздерімен аяқталды. Іс-шараға барлығы 20 адам қатысты.