Өткен уақыттағы Ұлы Дала батырларына арналған көптеген аңыздар мен өлеңдер туды.
Адамдар олардың есімін құрметпен еске сақтап ұрпақтан ұрпаққа қалдыруда. Ұлы қолбасшы белгілі саяси қайраткер, шебер дипломат, бүкіл өмірін қазақ мемлекеттілігінің тәуелсіздігі мен тұтастығына арнаған Абылай-ханға халық силсастықпен қарап,аса құрмет тұтады. Әулиекөл аудандық кітапханасының оқу залында Абылай-ханның 305 жылдығына арналған «Абылай-хан және оның дәруі» атты тарихи ойын өткізілді. Іс-шараның мақсаты: балаларды ойын түрінде қызықты тарихи фактілермен таныстырып, жинақтау,қорытынды шығару,тарихқа деген құрметпен сүйіспеншілікке тәрбие беру. Ойын 5 турдан, әр туры 6 сұрақтан құралған.Тарихи ойынды өткізу үшін ауылшаруашылық колледжінің студенттері 9 адамнан 2 командаға бөлінді. Әр команда «Батырлар» және «Бостандық» атауымен аталып, капитандарын таңдады. «Батырлар» командасы жеңімпаз атанып, салтанатты түрде шағын сыйлықтар тартылды. Іс-шара барсында шолу жасалды Алты алаштың айбыны - Абылай-хан: жүз жылдан кейінгі көзқарас».