Әулиекөл аудандық кітапханасында «Наурыз – шаттық әніміз» әдеби-сазды кеші өтті.
Іс-шараның мақсаты: қазақ халқының салт-дәстүрлеріне құрмет пен сүйіспеншілікке, отансүйгіштік сезімге тәрбие беру. Барлық қазақстандықтарға Наурыз мейрамы көктемгі жаңару, махаббат салтанаты,достық пен жаңғырту рәмізі. Іс-шараны ұйымдастырушылар «Дәстүр» әдеби-фольклорлық клубының қатысушылары. Наурыз мейрамы дәстүрлі «Шашу» шашумен басталды, «Аластау» дәстүрі көрсетіліп, Қыдыр ата мен наурыз аруды қарсы алды. Іс шараға аудандық мешіттің бас Имамы Нұрбол қажы шақырылды, ол барлығын наурыз мейрамымен құттықтап,мейрамның шығу тарихын айтып өтті,қазақ халқының салт-дәстүрлеріне тоқталып кетіп,сондай-ақ «ат қою», «бата беру» рәсімдерін жүргізді. «Дәстүр» клубының қатысушылары «Тұсау кесу» дәстүрін көрсетті,қазақ халқының салт-дәстүрлерін білу конкурсы, қыз бен жігіт айтысы болды. Жігіттерге арналған «Итеріспек » қызықты ойыны көрсетілді. Наурыз бауырсақ және түрлі тәттілерден ауыз тию рәсімімен аяқталды. Фойеде «Наурызым – мерекем, Наурызым – берекем!», кітап көрмесі, халық шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды.