2018 жылғы 24 сәуірде сағат 15.00 Әулиекөл аудандық кітапханада оқырмандарды жергілікті әулиекөлдік – ақын,жазушылардың шығармашылығымен кеңірек таныту мақсатында «Туған жер дауыстылығы» «Родной земли многоголосье» шығармашылық кездесу-кеші өтті.
Іс-шара Әулиекөл ауданының 90 жылдығына және Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай ұштастырылды. «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап адамға идеялар мен білім беріп қана қоймайды, сондай-ақ рухани және моральды құндылықтарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.Кітап бізді әсемдік пен шығармашылықты түсінуге, мәдени адамгершілікті байыта түсіп оны сақтауға көмек береді. Осы жылы шығармашылық кездесуге біз шығармашылығын жаңадан бастап жүрген жас ақындарды шақырдық. Жас авторлар өз шығармаларын ұсынып,өлеңдерін оқыды,пікірлерімен бөлісті. Бұл мерекеге аға тәлімгер ретінде: жергілікті ақын,жазушы Абай Қажи, көркемөнерпаз ақын Тоғайбай Бабыр, харекетшіл ақын-прозашы Гришукевич А.Л. шақырылды, олар жас авторлардың шығармаларына баға беріп,кәсіби кеңестер айтты және бата-тілектерін білдірді. Аға тәлімгерлердің пікірлері бойынша ең үздік болып танылған: И. Сьянов атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Аймұханова Дариға, ауылшаруашылық колледжінің студенті Статкевич Виолетта,Аманқарағай орта мектебінің 9 сынып оқушысы Адилханова Альфия, Әулиекөл мектеп-гимназияның 9 сынып оқушылары Малмакова Зульфия және Левицкая Таисия оқушылары болды. Поэзиялық кештің нышаны ретінде бұрыннан келе жатқан май шамның жарығы. Мерекені жүргізушілер осы дәстүрді бұзбай поэзиялық кештің ошағын-май шамды тұтатты. Осы жарықпен кез келген өлең емес,біздің жерлес - ақындарымыздың өлеңдері оқылды. Бағдарлама барысында жергілікті авторлардың өлеңдері шырқалды: Досмағамбетов Сақтаған Қажмағамбетұлының «Әулиекөл Гимнін» көркемөнер әншісі Ерлан Қасымов орындады. Композитор Сотник Петр Иваночтың «Мое село- мой дом родной» және «Мой Казахстан» әндерін автордың өзі орындап берді. Барлық шақырылған қонақтар мен белсенділерге аудандық кітапхана әкімшілігі атынан алғыс хаттар тапсырылды. Кітап мерекесіне тыңдармандар ретінде ауылшаруашылық колледжінің студенттері мен барлық кітап сүйер қауым шақырылды. Барлық қатысқандар саны – 50 адам.