Жеңіс күні – бұл біздің жерімізге бейбіт өмір силағандарды құрмет көрсету күні. Соғыс біздің тарихымызға еніп және бұрынғы КСРО барлық халықтары үшін ұмытылмастай есте қалады. Кітап көрмесіне «Ұрпақтың есінде сақталады» қазақстандықтардың Ұлы Отан Соғысындағы ерліктері туралы деректі материалдар, көркем әдебиет және қазақстандық авторлардың соғыс туралы суреттері мен материалдары ұсынылды. Қазақстандықтар соғыстың майданында батырлық пен қахармандық көрсетіп,басқа халықтармен иін тіресе шайқасты. Кеңес Одағының батырлары: Бауыржан Момышұлы, Сагадат Нұрмағамбетов, Әди Шәріпов, Қасым Қайсенов, Жұмағали Саин, снайпер Әлия Молдағұлова пулеметші Мәншук Маметова және тағы басқалары. Ұшқыш-шабуылдаушылар: Талғат Бегельдинов, Иван Павлов, Леонид Беда, Сергей Луганский Кеңес Одағының Батыры атағына екі рет лайықты болды. Шабуыл жасап және жеңіс туын Рейхстагқа тіккен қазақстандықтардың арасында: Р.Қошкарбаев, капитан Б.В.Чупрета, минометші А.Бактыгереев, пулеметші П.Е.Вицько, байланысшы К.М.Волочаев, орден және медальдармен марапатталды. Көрме үш бөлімнен тұрды: «Совет Одағының Батырлары - біздің жерлестеріміз», «Жеңістегі әйел тұлғасы», «Ардагерлер - біздің мақтанышымыз».
Іс-шараның мақсаты: оқушыларға Ұлы Отан соғысы туралы білімдерін кеңейту, отансүйгүштік және мемлекеттілік сезімге, Отанға деген сүйіспеншілік: қарт кісілерді: соғыс ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін құрметтеуге, мақтаныш сезімін ояту, батырларға еліктеп, олардан тұрақтылықпен ержүректілікке үлгі алуға тәрбие беру.