Қазақстанда тұңғыш рет Ұлттық домбыра күні атап өтілді. 2018 жылғы 13 маусымда Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық мәденеттің жаңғырту және бірегейлік идеяларын сақтау шеңберінде қоғамды одан әрі нығайту мақсатында осы мейрамды ұйымдастырды. Қазақтар үшін -күй оның салт-дәстүрлері, мәдениеті – өз халқының тарихынан сыр шертетін парақтар. Сондықтан қазақ халқы домбырашылардың ішінен күй мен күйшіге аса зор көңіл бөлген. «Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра!»,- деген нақыл сөздер жайдан-жай айтылмаса керек. Бұл сөздердің астарынан домбыра және домбыра тартудың өте маңыздылығын білуге болады.
1 шілдеде Әулиекөл аудандық кітапханасымен ұлттық домбыра күніне арналған «Халықтың жаны – домбыра» кітап көрмесінің тұсаукесері ұйымдастырылды. Көрме атақты «Балбырауын » күйімен ашылды. Домбыра – қазақтың өте шебер философиялық аспабы, шебер қолдан шыққан домбыра үні адамгершілік сезімдерге толы толқу,тебіреністерді жеткізе алады. «Домбыра – асыл мүра». Көрмеде басты орынды белгілі музыканттар,оның ішінде халық музыканттары және қазақ музыкасының дамуына зор үлес қосқан композитор Құрманғазы, Дәулеткерей,Тәттімбет, Жаяу Мұса, Дина Нұрпейісова, Кенен Әзірбаев, Нұрғиса Тлендиев және тағы басқа көптеген өзінің жеке стилистикасы, мектебі, дәстүрлері бар жарқын есімді тұлғалар туралы кітаптар орын алды.Домбыраны айнымас серік еткен, қыдырма әншілер Біржан-Сал, Ахан-Сері, Мұхит, Жамбыл, Әміре және тағы басқа көптеген атақты әншілер мен ақындар туралы әдебиеттер ұсынылды. «Қазақ өнерінің антологиясы» атты қазақ өнерінің антологиясына, қазақтың 1000 күйі, «Қазіргі айтыс» айтыс жинақтарына өте маңызды қызығушылық білдірді. Көрмеге 43 басылым ұсынынлды.