Әулиекөл аудандық кітапханасында Астананың 20 жылдығына арналған «Ару қала, арман қала, жас қала» кітап көрмесінің тұсаукесері өтті. Іс-шараның мақсаты: қатысушыларды Астана қаласының тарихымен,оның көрнекі жерлерімен таныстыру, Отанға деген сүйіспеншілік пен елжандылық сезімдерін дамытуға қалыптастыру. Оқырмандардың қалың топтарына Тәуеліз Қазақстанның дамуы мен қалыптасуын аша түсетін тарих беттері бар,суретті материалдар, мерзімдік басылымдар және кітаптармен таныстыру мүмкіндігіне ие болады. Көрме мына бөлімдермен ұсынылады: «Ұлы дала қаласы» - еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың астананы көшіру және атын өзгерту туралы тарихи шешімі, Астананы қалыптастырудың негізгі кезеңдерін көрсететін мақалалар мен жинақтар және кітаптар ұсынылады. «Әлемдік ынтымақтастық астанасы» - Еуразияның орталығы астананың саяси, экономикалық, мәдени рөлін көрсетеді. Орыс және қазақ тілдерінде ұсынылған әдебиеттерден Астананың өткен ғасырдың символикалық соңы және қазіргі уақыттағы геосаясаттық жетекші өңірлердің бірі, Евразия картасындағы Астананың орталығы болып қаланған және оның интеграциялық үрдістегі және келешектегі даму болашағы туралы баяндалды.