2018 жылы Астана қаласының астана болып қалыптасу мәртебесіне 20 жыл, осы айтулы күнге орай 10 шілде күні Әулиекөл аудандық кітапханасында «Асқақта,  арайлы Астана» мерекелік кеші өткізілді.


Іс-шараның мақсаты:  Астана қаласының тарихымен таныстыру қазақстандық елжандылыққа тәрбиелеу; Қазақстанның астанасы туралы білімдерін қалыптастыру; тарихы, географиялық орны, сәулетімен  таныстыру; өз елі үшін сүйіспеншілікпен мақтаныш сезімдеріне тәрбиелеу.


Іс-шарада  Астана қаласы туралы «Жарқырай берші Астана», «Астана жас қала» т.б. әндер шырқалды. Жүргізушілер Астана қаласы  Қазақстанның әкімшілік, әлеуметті-экономикалық және саяси орталық, Астана республиканың барлық өңірлері үшін екпінді даму орталығы екенін айтып өтті. Іс-шараға «Жаңа қалам, жас қалам, ол – сүйіқті Астанам!» тұсаукесері әзірленді. Тұсаукесерде астананың көрнекі жерлері: «Бәйтерек» монументі,  «Ақорда» президент резиденциясы,  «Думан» мәдени-сауықтыру орталығы, «Атамекен» этносаябағы және т.б. туралы ұсынылды. Іс-шараның соңында Астана туралы викторина жүргізілді, ең белсенді қатысушыларға сыйлықтар тарту етілді.