Бүгін біздің жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры Сұлтан Баймағамбетовтың ерлігіне 75 жыл толады, Әулиекөл аудандық кітапханасы барлық оқырмандарды «Ел мен ердің Жеңісі. Победа солдата и народа» электрондық тұсаукесермен танысуға шақырады.
Отансүйгіштіктің ең маңызды белгісі адамның туған жерге оның мәдениетіне, дәстүріне деген ерекше қатынасы. «Бұл кездейсоқ жиналған қоғам емес,ол әр халықтың шынайы ұлттылығын айқындайтын мәдени-генетикалық коды»- деп атап өткен болатын өзінің «Туған жер » бағдарламалық мақаласында Нұрсұлтан Назарбаев. Ұрпақтардың жалғасы мен өскелең ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру, біздің тарих беттерін ұмытпауымыздың қорытындысы. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі Ұлы Отан Соғысы уақытындағы жас жауынгерлердің ерлігінсіз мүмкін емес
Слайд-тұсаукесер түрінде туған елімізді жаудан босатудағы біздің жерлестеріміздің көрсеткен ерліктері туралы баяндалды.
Тұсаукесердің мақсаты – Отан алдындағы азаматтық борыш және сүйіспеншілік сезімдерге тәрбие беру, жерлес-батырымыздың елжандылығын үлгі ету.