Аманқарағай ауылдық кітапханасында біздің жерлесіміз С. Баймағамбетовтың ҰОС көрсеткен ерлігіне 75 жылдығына арналған «Отанның батыр ұлы - Сұлтан» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: оқырмандарды С. Баймағамбетовтың өмірімкен таныстыру, өскелең ұрпақты елжандылық рухта Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге ықпал ету,жастарды әскери-павтриоттық тәрбие беру. Көрмеде Сұлтан Баймағамбетов, Әулиекөл ауданы туралы кітаптар, энциклопедиялар ұсынылды. Біздің жерлесіміз Сұлтан Баймағамбетов Ленинград қабырғасында өшпес ерлік көрсетіп, Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Әскери ерліктер,ақиқатты және шындыққа толы соғыс туралы әңгімелер бүгінгі ұрпақ және ата буынның есінде мәңгілік сақталады. Оны жақсы көреді, оның келбеті фильмдер мен өлеңдерде бейнеленеді. Сұлтан Баймағамбетовтың есімі, ұлттық мақтаныш және айбындылық үлгісі. Кеңес Одағының Батырының құрметіне Әулиекөл ауылында мектеп және көше атауы берілді, мұражай ашылды, Қостанай қаласында көше оның есімімен аталды. Сұлтай Баймағамбетов – шындығында халық батыры. Ол бізге оңай тағдырмен келген жоқ. Ол мәңгілік өшпестей есте қалды.