6 тамызда Әулиекөл аудандық кітапханасында жыл сайынғы «Біздің отбасымыз кітаппен дос» отбасылық кітап оқу акциясының қорытындысы  30 шілде мен 5 тамыз аралығында өтті.  Мақсаты- отбасылық кітап оқу дәстүрін жаңғырту,кітапқа,сөзге   ұқыпты қарау, бірлескен шығармашылық арқылы  отбасын нығайту,кітап арқылы елжандылыққа және өз өлкесінің дәстүрлері және тарихына құрметпен қарауға тарту. «Біздің отбасымыз кітаппен дос » кітап көрмесі ұйымдастырылды.Оқырмандарға көрмені ұйымдастыруға қатысуға шықырды, оларға және олардың отбасыларына ұнаған кітаптары ұсынылды. Белсенді оқырмандар үшін көрмеге қосымша ретінде  фото-галерея ұйымдастырылды.Іс-шараға ең үздік кітап оқитын отбасы, кітапхана ардагерлері, жас оқырмандар шақырылды. Қонақтар үшін  «Ал сіздер білесіздерме... » блиц-сауалнама өткізілді.Іс шараның соңында акцияның қорытындысы мына номинациялар бойынша  шығарылды:  «Ең үздік оқитын отбасы »  номинациясының жеңімпазы Әулиекөл аудандық кітапханасының 1996 жылдан  бергі оқырманы  Кабулов  Есентай Кабулович,  «Ең үздік оқырман » номинациясы бойынша Кобельков Виталий және  «Ең оқырман отбасы » - Дәрібаевтар отбасы ие болды. Номинанттар  кітапхана әкімшілігінен алғыс хаттар алды. Акцияға қатысушылар өздерінің пікірлерін ұсыныс және сын-пікір дәптеріне қалдырды.Ата-ана және олардың балаларының қолында жақсы кітап бар болса – ол үйде оқырмандық атмосфера,рухани бірлік болатынына кәміл сенуге болады. Отбасы мен кітаптың байланысын ажыратпау өте маңызды. Осыдан кітапхананың басты және маңызды рөлі – оқырмандарды кітапқа жақындату.

 

ЦБ акция