2018 жылғы 17 қыркүйекте Чернигов ауылдық кітапханасында К. Дөненбаеваның туған күнінің 75-жылдығына арналған «Өз тағдырымды өзім жасадым» еске алу сабағы өтті. Сабақтың  мақсаты: оқырмандарды қазақтың алғашқы әйел-тракторшысының өмірімен таныстыру,  ауылдық механизатор мамандығын насихаттау, ауыл жұмысшыларын еңбегін құрметтеу. Тың жер көптеген адамға жолдама берді, соның ішінде Қостанай облысының  «Харьковский» совхозының тракторшысы Кәмшат  Байғазықызы Дөненбаева еді. Ол Боровской ауданы  (қазіргі Меңдықара ) әйелдердің арасынан шыққан алғашқы тракторшылардың бірі болды, ол жаңадан шыққан қуатты К-700 тракторын меңгеріп, кейіннен  атаулы К-701 тракторын иемденді.

Ол дөңгелекті трактор рөліне 19 жасынан бастап отырып, 33 жылдан кейін  өзінің еңбекке деген аса сүйіспеншілігін жоғалтпай, «Кировец»  сияқтя алып  тракторының кабинасынан түсті. Мыңдаған қыздар мен әйелдер Кәмшат Дөненбаеваның бастамасымен механизаторлық, комбайнер, жүргізуші мамандықтарын таңдап, техникадан  қашпай ер адамдармен қатар еңбек ету қабілеттілігіне ие болды. Кәмшатпен араласқан  әрбір адам оның  адалдығын,ұқыптылығын және еңбектегі нақтылығын айтып беруге даяр еді. Оның еңбекке құштарлығын ешқандай  артық сөзбен айтуға болмайды, ол тек қане өндіріс, еңбек адамы! Кәмшат Дөненбаева мемлекетімізге еңбек жолындағы тарихымен ғана емес, ол Отанға қалай қызмет ету, өз халқына деген сүйіспеншілігімен және туған жерге шын берілгендік қасиеттерімен мәңгілік есте қалады.