2018 жылғы 26 қыркүйекте Көктал ауылдық кітапханасында «Рухани қазына» «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ана тілі - халқымның ары» атты интеллектуалдық ойын өткізілді. «Атамекен » клубы өтырысы.
Іс-шараның мақсаты: оқушыларды өз ана тілінің қадір – қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету; мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру; ана тілін қастерлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу. Топтар өздерін таныстырды: І топ «Шырақ», ІІ топ «Тапқырлар». Ойын 3 кезеңнен тұрды: «Сөз тапқанға», «Білімпаздар», «Сен білесің бе?». Оқырмандар ойынға белсенді араласты, өздерінің жан-жақты білімдерін көрсете алды, өздерінің даярлығын көрсетті. Оқушылардың мемлекеттік тілді қалай меңгергендігін сұрақтарға жауап беру арқылы сынап көрдік. Кітапхана алдына қойған мақсаттарының ең маңыздысы – бұл азаматтылықты, жоғары адамгершілік, өз халқының салт-дәстүрін, мәдениетін құрметтейтін Қазақстан патриотын қалыптастыру және тәрбиелеу. «Жасай бер, қазақ тілі, ана тілім!» кітап көрмесі оқырмандардың назарына ұсынылды. Дәрісхана: «Атамекен » клубының мүшелері, ауыл мектебінің оқушылары. Қатысушылар - 30 адам.