Әулиекөл аудандық кітапханасында кітапханашылардың біліктілігін арттыру мақсатында  / "Рухани жаңғыру"  бағдарламасы аясында/  «Заманауи қазақстандық көркем әдебиетті насихаттау» семинары өтті. Семинарды  кітапхана директоры Серкебаева С.Ж. Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдауы туралы ақпараттан бастады. Ауылдық кітапханашыларға кітап көрмесін, стендтер, ауыл тұрғындарына арналған ақпараттық сұхбат ұйымдастыру туралы ұсынымдар берілді. Семинардың тақырыптық бөлімінде аудандық кітапхананың әдіскері Ж.М.Досалина   «Қазақстаннның бүгінгі әдебиеттілігі» атты баяндама жасады. Ол ұлттық мәдениеттің аса маңыздылығын атап өтті. Қазіргі кездегі  әдебиеттің  дамуы  өзгеше, оған себепкер  жазушылардың не туралы  жазатындары, оны қалай шығаратындары, халықтың ой-пікірлері және осы   кезеңдегі құндылықтарын дамыту  ерекше қызықтырады. Заманауи  әдеби  үдерісті  бейнелейтін ХХI ғасырдағы қазақстандық ақын,жазушылар атап өтілді. Қазақстандық  жазушылар түрлі жанрларда: тарихи әдебиет, шынайы-психологиялық триллерлер, мелодрамалық романдарда, фантастикалық прозалар, нәзік медитативтік лирикаларда бейнеленеді. Қазақстандық әдебиет әйгілі және  өте қажетті екендігін жаңадан шығып жатқан  кітап диапазонының жанрынан білуге болады.  «Жаңа кейіпкерлер- жаңа достар» атауымен   ОКЖ директорының балалармен жұмыс жөніндегі орынбасары Г.О. Жолмағамбетова шықты, кітапханашыларды балалар мен жасөспірімдерге арналған заманауи әдебиетпен таныстырып, кеңес берді. Кітапханашылардың басты міндеті – кітап және кітап оқумен, әсіресе балалар мен жасөспірімдерді қызықтыра білу. Бұл оңай тапсырма емес. Балалар әдебиеті және және балалар оқуы ұлттық басымдылықты арттырудың басты құралы, болашақ ұрпақтың және қазақстандық қоғамды жаңғыртудағы шығармашылық және әлеуметтік белсенділігінің артуы, тарихи-мәдени мұраны, ана тілін  дамыту және сақтау.  Жаңа тәуелсіздік кезеңінде, соңғы 27 жылда жарияланған авторлардың есімі аталды. Аудандық  кітапхана мамандары Суюндукова Г.Б. және Сатубалдина Г.Ж.  «Әдеби шоқ жұлдыздары» атты кітап көрмесін өткізді. Семинарды қорытындылай келе, кітапханашылар өз оқырмандарының арасында заманауи қазақстандық авторларды оқуды ілгерілетудің дайындығы туралы айтып кетті.                             

Семинардың  шарықтау кезеңі   аудандық «Кітап. Уақыт. Біз» «Книга. Время. Мы.» байқауының қорытындысы және жеңімпаздарды марапаттау болды. «Кітап. Уақыт. Біз»   «Книга. Время. Мы.»  байқауының жеңімпаздары: 1 орын -  Соснов АК кітапханашысы Шаймерденова Е.А.,      2 орын – аудандық кітапхананың әдіскері Досалина Ж.М., 3-орын Юльев АК кітапханашысы Тулегенова З.Б. ие болып, мадақтамамен марапатталды,            8 маман номинациялар бойынша мадақтама және алғыс хаттарымен марапатталды. Жеңімпаздар мен байқауға қатысушыларды құттықтай отырып, кәсіби өсу, шығармашылық табыс, шабыт тілейміз.