ҚР Президентінің  «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына жолдауын насихаттау барысында  Әулиекөл ОКЖ  бірқатар іс-шаралар жүргізді:

 

19.10.2018 ж.  Москалев ауылдық  үлгілі кітапханасында Жолдауды талқылауға қатысты  дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оған ЖШС жұмысшылары, мәдениет, мектеп өкілдері, ауыл әкімдігінің мамандары, кітапхана оқырмандары қатысты. Айта кететін жайт, келесі жыл жастар жылы ретінде жариялануы. Аталмыш хабарламаның әлеуметтік бағыттылығы  айқын  екендігі  атап өтілді. Дамудың жаңа жолдары,  жаңа мүмкіндіктері мен ынталандырулары әрбір қазақстандыққа қатысты және өмір сүру сапасын жақсартуға, еңбек пен кәсібилікті ынталандыруға бағытталған. Жалақының өсуі, білім беру сапасын арттыру, медицина мен қолжетімді баспана, бұл тақырыптар әсіресе ауыл тұрғындарына қатысты.

 

Москалевская модельная сельская библиотека

 

19.10.2018 ж.  Құсмұрын ауылдық кітапханасында  «Қазақстандықтардың  табыс пен тұрмыс сапасын арттыру – Повышение доходов и качества жизни казахстанцев» атты ақпарат сағаты өтті. Кіріспе бөлімде Республикамыздың жетістіктері, тапсырмалары, әлемдегі халықаралық жағдай туралы айтылды. Өңірлік және жаһандық проблемаларды шешу ісіне зор жауапкершілікпен қарайтын жауапты әрі қалаулы халықаралық серіктес ретінде танылдық. Ең бастысы, Қазақстан халқының әл-ауқатының өсуі тиіс,бұл табыс пен тұрмыс сапасын арттыру.

 

Кушмурунская сельская библиотека

 

30.10.2018ж. «Жаңғыру жолындағы қарышты қадам» кітап көрмесінің тұсаукесері аудандық және Соснов ауылдық кітапханасында өтті. Жаңа Жолдаудың мақсаты - халықтың табысының өсуі, тұрмыс сапасын арттыру, қолайлы өмір ортасын құру, азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарланған мемлекеттік аппарат, тиімді сыртқы саясат, елдегі трансформация процестеріне әрбір қазақстандықты тарту. 

                                                                                           

 

Районная библиотека         Сосновская СБ

 

30.10.2018ж.  Первомай ауылдық кітапханасы  «Елбасының  Қазақстан халқына Жолдауы»  тақырыптық көрме ұйымдастырды.     Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған  Жолдауы тарихи маңызы бар құжат болып табылады, өйткені ол азаматтарымыздың әл-ауқатын жақсарту мақсатында басымдықтарды шешуге бағытталған. Бұл әрбір қазақстандық отбасы үшін өте маңызды құжат. Мемлекет басшысы қойған барлық тапсырмалар нақты алғышарттарға ие, терең дамыған. Жолдауда  ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жағдай  жан-жақты талданып,  нақты тапсырмалар берілген. Ең бастысы – қазақстандықтардың  әл-ауқатының өсуі, табыс пен тұрмыс сапасын арттыру. Көрме материалдары   мемлекеттік  және орыс тілдерінде ұсынылды.

 

Первомайская сельская библиотека