Біздің тарихымыз - Қазақстан халқының қуатты біріктіруші факторы, барлық азаматтар үшін шабыт көзі.

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың   «Ұлы даланың  жеті қыры» атты мазмұнды мақаласында қоғамды, тарихты құрметтеуге және оқуға, өткен өмірден  сабақ алуға шақырады. Кез келген халықтың шежіресі жеңіс пен қасіретке толы болғандықтан оны сол қалпында қабылдауымыз қажет.Осы мақаланың аясында 23 қараша күні Әулиекөл аудандық кітапханасының оқу залында  «Үлкен үміт уақыты» атты кеңейтілген кітап көрмесі ұйымдастырылды.Көрме жеті бөлімнен тұрады.Көрменің әр бөлімі қазақ даласының жеті қырын бейнелейді.Көрмеде барлығы 37 дереккөздер қолданылды.