Москалев ауылдық үлгілі кітапханасы өз оқырмандары үшін Қостанай қаласына Қазақстанның Ұлттық Банк филиалына «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ұлттық валютаның 25 жылдығы күні   саяхат ұйымдастырды.

 

Бұл ерекше саяхат болды,оның барысында банк қызметкерлері ұлттық валютаның тарихы туралы айтып берді, Қазақстанның алғашқы банкноттары қайда және қалай шығарлығаны, оны  елімізге  қалай жеткізілгендігі жөнінде бейноролик көрсетілді.Банктің мұражайында өткен жүзжылдықтағы ақша белгілерін,  қаржыгерлердің жұмыс істеген есептеу құрал-жабдықтарын өз көздерімен көрді. «  Балалардың суретіндегі теңге »   атты банк қызметкерлері ұйымдастырған сурет көрмесін қарады. Әсіресе Қазақстаннның айтулы күндеріне орай шығарылған монеталарға ерекше   назар аударылды.Саяхатшыларды монеталардың құны,шығарылған данасы,баға айырмашылығы,материалдар,монеталарды қайдан алуға болатындығы- осының барлығына аса қызығушылықпен қарады.Саяхат көптеген танымдылық материалдар мен жағымды әсер қалдырды. Топ 13 адамнан құралды. Осы саяхатқа шығу үшін ақшалай қаржы мен автобус бөлген  «Москалевское » ЖШС басшысына  шексіз алғыс айтылды.