15 қарашада дүниежүзілік  «Ақ таяқ » Күні атап өтілді. Ақ таяқ  көзі нашар көретін  және зағиптардың ең бір айрықша нышаны. 27 қарашада Әулиекөл аудандық кітапханасының оқу залында «Ақ таяқты адам» атты  «Диалог» клубының  отырысы өтті.

 

Жиналған қауымды зағиптар қоғамының төрайымы Сибиль Зоя Семеновна құттықтап, оларға денсаулық,төзімділік пен сенімділік,рухтық сергектік тіледі. Шындығында, бұл ақ таяқ олар үшін зағиптардың  көру әлеміне енуі болып табылады.Кеш достық және жылы қарым-қатынаста өтті. Қатысушылар  ән шырқап, викторина сұрақтарына жауап беріп, түрлі байқауларға қатысты.