2018 жылғы 4 желтоқсанда Құсмұрын балалар кітапханасы 6 сынып оқушыларымен «Ұлы дала әуендері» атты фольклор сағатын өткізді.


Іс-шараның мақсаты патриотизмге, туған өлкеге деген сүйіспеншілікке тәрбие беру, қазақ халқының қол жеткізген мәдениетімен таныстыру. Музыка мұрағатын таныстыру   мақсатында  оқушылардың Қазақстан халқы туралы этномәдени білімдерін қалыптастыру,ұлттық патриоттық санаға тәрбиелеу. Кітапханашы  2018 жылғы 21 қарашада жарық көрген Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлы даланың жеті қыры» - «Семь граней Великой степи» мақаласымен таныстырды.  Президент  «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасының аясында әр кезеңде, әр жанрда, әр стильде жазылған  Ұлы дала мұрагерлерінің өткен  жүзжылдық бойы ауызша халық шығармаларынан, аңыздарынан,қиссаларынан, эпостарынан, қазақ композиторларының танымал музыкаларынан құралған жаңа жинақ «Қазақ фольклорының антологиясы» құрастыруды ұсынды.


Іс-шараға қатысқан ұстаз елбасының мақаласын шын жүрегімен қабылдағанын айтты. Біздің мақсатымыз мақаланың мағынасын ашып оны жастарға жеткізе білу, оларды патриотизмге, халыққа мінсіз қызмет етуге талпынуға шақыру. Қатысқандар 12 адам.