Әулиекөл аудандық кітапханасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын түсіндіру бойынша ұйымдастыру іс-шараларының аясында «Туған тарихтың ғажайып әуендері» сазды қонақжай кеші өтті. Іс-шараның қонақтары «Дәстүр» фольклорлық клубының қатысушылары болды. Клуб жетекшісі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры » мақаласымен таныстырып өтті. Біздің жеріміз асыра айтқандығымыз емес,мәдени материалдық құндылықтарға толы өлке. Көшпенділер өмірінде вокалды және ұлт аспаптық музыкалық өнер басты рөл атқарды. Олар ішекті, үрмелі, кермелі, дабылды аспаптарды, оның ішінде домбыра, қобыз, сыбызғыларды қолданған. Қазақ халық әндерін кім көбірек білетіндігі туралы байқау жарияланды. Қатысушылар ұлттық аспаптардың тарихын еске алып қана қоймай, көптеген әндерді шын ниеттерімен орындады. Жүргізуші қазақ халқының ежелгі аспаптары туралы жазылған кітаптарға шолу жасады.