12 желтоқсанда Москалев ауылдық үлгілі кітапханасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры »мақаласына арналған «Ұлы даланың ұлы есімдері» фото-көрменің тұсаукесері өтті.
Қатысушылар мақаланың мазмұнымен таныс болды. Өзінің мақаласында Елбасы Н.Назарбаев қазақ халқының тарихы мен мәдениетін дамыту, оның бай мәдени мұрасы, Қазақстанның тарихи ғылымының дамуы туралы өзекті мәселені көтереді. Өз елінің, ата-бабаларыңыздың тарихын біліп, батырларымыздың, хандардың, ақындардың, күйшілерінің, ағартушылардың, жазушылардың, Ұлы Отан соғысының батырларын ұмытпау-бұл өз елінің шынайы патриоты екендігінің айғағы. Біздің ұрпақтарымыз: «Біз қазақпыз!Біз- қазақстандықпыз!» - деп мақтанышпен айта алатын болады.«Ұлы даланың ұлы есімдері» фото-көрмесі оқырмандарды Қазақстанның ұлы тұлғаларымен таныстырды. Халқымыз өз елінің алғашқы елшілері болған ұлы бабаларымыздың есімдерін мақтан тұтады. Ұлы дала сондай-ақ белгілі қайраткерлердің саңлақтарын туғызды.Олардың ішінде:Әлфараби мен Яссауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Тауке мен Абылай, Кенесары мен Абай, Әуезов пен Момышұлы және көптеген тағы да басқа атақты тұлғалар бар.
Қатысушылар танымал тарихи тұлғаларының мүсіндік ескерткіштері мен олардың тарихтарына арналған «Ұлы даланың ұлы атаулары» атты ашық аспан астында білім беру саябағы энциклопедиясын құру туралы ұсынысты қуанышпен құптады. Қазіргі заманғы әдебиет, музыка, театр және бейнелеу өнеріндегі ұлы ойшылдардың, ақындар мен ағартушылардың шынайы бейнелерін топтастыру үшін өзекті кейіпкерлер галереясын қалыптастыруға мүмкіндік беретін «Выдающиеся личности Великой степи» – «Ұлы Дала тұлғалары» ғылыми-танымал сериаларының қызмет белсенділіген тарату және құруды жүйелендіру үшін тарихи ой-өрісті кең ауқымда қамтылған.