16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздіктің еркіндігі мен қуаттылық нышаны болып табылады. Аудандық кітапханада «Біздің Отанымыз- Тәуелсіз Қазақстан» атты әдеби-сазды композициясы өтті. Іс-шараның мақсаты: өскелең ұрпақты патриотизмге, Отанға деген сүйіспеншілікке, Қазақстанның тарихи өткені және бүгінгісі, жарқын болашағына деген мақтаныш, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру, моральдық-өнегелік құндылықтарға және рухани жағынан нығайтуға ықпал ету. Іс-шараға Әулиекөл ауылшаруашылық колледжінің студенттері шақырылды.Қатысушыларға «Тәуелсіздік Күні» фильмі көрсетілді. Іс-шара «Қазақстан - бейбітшілік пен келісім елі» слайд-тұсаукесерімен жалғасты. «Менің Қазақстаным» атты викторина жүргізіліп, ең белсенді қатысушыларға силықтар табыс етілді.