2018 жылғы 24 желтоқсанда Көктал ауылдық кітаханасы  «Атамекен » жастар клубында «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында «Тәуелсіз елім – тірегім» атты тарихи ракурс өткізді.

 

 Іс-шараның мақсаты: өскелең ұрпақты патриотизмге, Отанға деген сүйіспеншілікке, Қазақстанның тарихи өткені  және  бүгінгісі,  жарқын болашағына деген  мақтаныш, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру, моральдық-өнегелік құндылықтарға және рухани жағынан нығайтуға ықпал ету.

       

Балалар кітапханашылармен бірге  «Қазақстан » сөзіне талдау жүргізіп,ел бойынша тарихи экускурс жасады. Тарихтағы өткенді еріксіз еске түсіретін елеулі күндерге қайта оралу,бұл тек қане өткенді еске алу ғана емес,алдағы болашаққа бағдар алу. 1991 жылғы 16 желтоқсанда   «Қазақстан Республикасының  мемлекеттік тәуелсіздігі  туралы»  Қазақстан Республикасының  конституциялық заңы қабылданды. Сол күні еліміздің Тәуелсіздігі жарияланды. Іс-шара барысында балалар өздерін – үлкен мемлекеттің халқының бір бөлігі - Қазақстан Республикасының азаматы екендіктерін сезініп, оның  бүгінгісі мен болашағының тарихына қатысты екендіктерін сезіне білді. Қатысқандар: ауыл мектебінің оқушылары, кітапхана оқырмандарының барлық санаттағы тобы, 30 адам.