Алғашқы рет Әулиекөл аудандық кітапханасында 8 қаңтардан бастап 8 сәуір айы аралығында «Жүктелген кітап» акциясы өтеді. «Жүктеу» дәстүрі Неапольде бастау алған, дәмханаларда ішілген кофеге бір келушінің орнына екінші келуші төлейді. Бұл «жүктеу» деп аталады.Ал кітапханаларда оқырмандар оқыған кітаптары бойынша алған әсерлерімен басқа оқырмандармен бөлісе алады.Оқырмандар оны өзінің ең сүйікті кітабын «жүктеу » арқылы өзінің жеке аңдатымымен және оқылғаннан кейінгі алған әсерлерімен бөлісе алады. Акцияға қатысатын кітаптарды оқып шығуға ниет еткен оқырмандардың кезегі белгіленіп, «жүктелген кітап» жапсырма-белгісі қойылады. Кітапханаға келіп түскен кітаптар туралы хабарламаны тарату WhatsApp жүйесі арқылы қолданылады. Акция үш айға созылады, барлық тілек білдірушілерді акцияға белсенді түрде ат салысуға шақырамыз, қорытындысы бойынша белсенді қатысушылардың аты жазылған ұсынымды кітаптар тізімі және кітапхананың ең танымал басылымдарының рейтингі құастырылады. Кітапханаға қош келдіңіздер!