Адамзаттың ең жақсы ақыл-ойы адам бостандығының маңыздылығын және  мемлекеттің біздің құқығымызды қорғауға міндетті екендігі дәлелденген Адам құқығы әр адамға  туғаннан бастап тиесілі.  15 қаңтарда Әулиекөл аудандық кітапханасында  «Адам құқықтары бойынша саяхат » тапқырлар дилижансы өтті. Іс-шараның басында кітапханашылар ауыл шаруашылық колледжінің 1 курс студенттеріне бала құқығы туралы Конвеция,адам құқығы туралы Декларациясы, ҚР Конституциясымен және тағы басқа құжаттармен  таныстырды. Материалдарды бекіту үшін қатысушыларға  «Іздеу» және  «Білімпаздар» деп аталатын  екі командаға бөліну ұсынылды. Ойын барысында студенттер кәмелетке толмағандардың міндеттері мен құқықтары туралы,сондай-ақ көмек сұрау үшін қандай инстанцияларға жүгінулеріне болатындықтары туралы  білімдерін көрсете білді. Оқушылар  өздерінің құқықтары мен міндеттерін білу өмірде табысты болып,  азаматтық жауапкершілікті және өзін-өзі бағалауды арттыруға мүмкін беретіндіктері туралы пікірлерімен бөлісті. Іс-шараға белсенді қатысқан  командаларға сыйлықтар табыс етілді.