Қазіргі адамзат үшін ядролық қарудан және жаһандық экологиялық апаттан кейінгі үшінші қауіп - нашақорлық болып табылады. Нашақорлық тек жеке адамның өмірі мен денсаулығына ғана емес, бүкіл қоғамға қауіп төндіреді.23 қаңтарда Әулиекөл аудандық кітапханасының ауылшаруашылық колледжінің акт залында бірінші курс студенттері үшін «Нашақордың өмірі» ақпараттық сағаты өтті. Басты мақсаты:салауаттық өмір салтын насихаттау. Іс-шара барысында қазіргі заманғы жастардың есірткіге қарым-қатынасы, нашақорлықтың себептері мен салдарлары туралы мәселелер талқыланды, статистика берілді, есірткі туралы кең таралған аңыздар жайлы айтылды, ұсынылған рөлдік ойындардан студенттер егер олардың таныстары немесе достары есірткіге тәуелді болып қалған жағдайда оларға қалай көмек беруі керек жөнінде көп мағлұмат алды. Қатысушылардың назарларына «Есірткіге жол - жоқ!», «Нашақорлықтың салдары», «Нашақорлықты мойындау» бейнероликтері ұсынылды.І с-шараны бейнелеу өнері арқылы нашақорлық мәселелеріне деген өздерінің қатынастары туралы және өз суреттеріне түсіндірме берілген плакаттар көрмесі қорытындылады. Жүргізушілер: әр адам өз тағдырына өзі жауапты, әркім өз таңдауын өзі жасайды, әлемді тек қане жақсы жаққа өзгерту үшін берілген баға жетпес сый ол – өмір деген астарлы нақыл сөзбен іс-шараны қорытындылады.