Москалев модельді кітапхана орта мектептің оқушылары мен ауылдың жастарымен бірге «Терроризм - қоғамға қауіп» флешмоб өткізді. Негізгі мақсат - терроризмнің мәнін, оның түрлері мен мақсаттарын түсіндіру; оқушылардың  терроризм туралы білімін жетілдіру; жас ұрпақтың қоғамдық сана мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру, террористік шабуыл кезінде мінез-құлық ережелерімен таныстыру. Балалар, жасөспірімдер, жастар ортасы ерекше назар аударуды талап етеді. Олардың баянды болашағы, толыққанды рухани және интеллектуалды дамуы үшін терроризмге қарсы күрестегі барлық  ерекшеліктерді ескеру қажет.


«Терроризм - қоғамға қауіп төндіреді», «Біз әр түрліміз, бірақ барлығымыз  террорға қарсымыз», «Біз террорға қарсымыз» плакаттарын дайындады.Қатысушылар Қазақстандағы және өзге елдердегі террорлық әрекеттер  туралы статистикалық мәлімет берді.  Қазақстанда төрт жылда 30 астам террорлық әрекеттердің алдан алу жұмыстары жүргізілді.Беслан балаларына арналған өлеңдер оқылды.Қатысушыр «Біз бейбітшілік үшін »мәнерлеп оқыды. Террористік әрекеттер туралы деректерді және лаңкестік актіге қауіп төнген жағдайда мінез-құлық ережелеріне қатысты  буклет жасалды. Күдікті заттарды табу кезінде қандай әрекеттерді жасау керек? Террористік шабуылдың құрбаны болудан қалай аулақ болуға болады? Егер сіз үйде болғанда, атылған  дауысты естіген кезде сіздің алғашқы әрекеттеріңіз? Егер сіз тұтқынға түссеңіз? Есіңізде болсын - сіздің мақсатыңыз аман қалу.Осы жайлы  буклеттер дүкендерде, аурухана және көшелердегі жүргіншілерге  таратылды.