Әр заманның өз батырлары бар. Жауынгерлік ерлік әрқашан адамның ең жақсы қасиеттері - азаматтылық, отансүйгіштік қасиеттерімен  бағаланып, өнегелі тұғырға айналды. «Рухани жаңғыру » бағдарламасы аясында, Ауғанстанның кеңес әскерінен шығырылуының 30 жылдығына арнап Москалев ауылдық кітапханасында  «Жауынгер соғысты таңдамайды» ерлік сағаты өтті.Іс-шараның мақсаты: өз Отанының  тарихының қызығушылығын дамытуға ықпал ету; отансүйгіштікке, азаматтық парыз сезімдерін қалыптастыруға, ауған соғысына қатысушырға құрметпен қарауға тәрбие беру.


Іс-шараға жоғары сынып оқушылары мен ауыл жастары шақырылды.Жүргізушілер Ауған соғысы жайында айтып берді. Бұл нағыз ерлік мектебі болған еді. Ауғанстанның сұрапыл оқиғаларын 500 мыңнан астам  кеңес жауынгерлері бастарынан кешті. Олардың ішінде  біздің жерлестеріміз И. Фомин, П.Лещук  бар. Көптеген жауынгерлер  ерлік пен батылдық үшін ордень, медальдармен марапатталды. Өздерінің интернационалдық міндеттерін соңына дейін орындаған жауынгерлердің көбісі үйлеріне қайтып оралмады.Біздердің міндетімімз Отан үшін жандарын пида еткен жастарды мәңгілік есте сақтауымыз қажет. Ауған соғысына арнап жазған С. Антоновтың өлеңдері оқылды. «А на войне как на войне», «Афган, Афганистан», «Пароль Афган», «Мы уходим!» өлеңдері орындалды. «Ауған оқиғалары» деректі фильмі көрсетілді. Қатысқандар 31 адам.