Аманқарағай ауылдық кітапханасында Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылауға арналған дөңгелек үстел отырысы өтті. Іс-шараға  № 2 орта мектептің 10 сынып оқушылары қатысты. Әңгіме барысында қатысушылар Мемлекет басшысының мақаласының мазмұнымен танысты.


Кітапханашы Ж.С. Нугуманова өз сөзінде Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласының маңыздылығын, құндылығын  және ерекше мәнділігіне назар аударды. Ол Ұлы даланың жеті қыры: Атқа міну мәдениеті, Ұлы Даладағы ежелгі металлургия, Аң стилі, Алтын адам, Түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы, Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны туралы айтып берді. «Ежелгі тарихы мен мәдениеті, ұлы хандар, батырлар мен ақындар Қазақстанның мақтаныштары болып келеді. Жеті – қазақ халқы үшін ерекше сан. Бүгінде біздің  тарихымызға оң көзқарас қажет.

Өз еліне деген мақтаныш пен елжандылық сезімдерге тәрбие беру  бала кезден  басталуы керек.Елбасының бұл мақаласы Қазақстан жастарын өз елінің, өңірінің, ауылының тарихын   зерделеуге баулиды.Кітапханашы Е.О.Кельм: өркениеттің негізі бар жерде, мықты мемлекет бар", - деп  атап өтті. Ол қатысушыларды  мерзімді басылымдардан жиналған "Ұлы даланың жеті қыры"  атты жинақтау  папкасымен таныстырды. Іс-шараға қатысушылары Елбасының "Рухани Жаңғыру" жалпыұлттық бағдарламасының жалғасы ретіндегі  мақаласында көрсетілген жобаларды  шын ықыласпен қабылдады. Іс-шара барысында "Ұлы даланың жеті қыры" кітап көрмесі ұйымдастырылды.