Аманқарағай ауылдық кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың елбасшылыққа  келуінің 30 жылдығына арналған «Ұлы дала астанасы» деректі фильмінің көрсетілуі ұйымдастырылды.

 

Н.Назарбаев үш он жылдыққа тәмам уақыт бойы Қазақстанның елбасшысы болды. Оның басшылығымен еліміз бұрын -соңды болмаған биіктерге  жетіп, әлемге танылды.Кітапханашы Е.О.Кельм фильмнің  «Сіздер астананы Алматыдан Ақмолаға ресми түрде қашан ауысқанын білесіздерме? », «Қазақстанның бас қаласы қашан Астана болып қайта аталды ?»,  «Біздің астанамыз қай кезеңнен бастап Нұр-Сұлтан атына ие болды? »,  «Астананың рәміздері?» деген сұрақтармен кішігірім сауалнама жүргізді. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның жаңа астанасының негізін қалаушы.  «Ұлы дала астанасы» фильмі Қазақстанның әкімшілік орталығын Астанаға көшіруге байланысты барлық оқиғалар мен шешімдерді айқын және нақты түрде көрсетті. Сондай-ақ, бұл фильмде астананың  бұрынғы, біз ешқашан көре алмайтын мұрағаттық көріністері бар, оны тіпті барлық байырғы тұрғындар оны енді есіне  түсіре алмаған болар еді. Бұл таспада әртүрлі елдердің саяси көшбасшылары Қазақстанның басты қаласы туралы өз ойларымен бөлісті. Фильмді көргеннен кейін Нұр-Сұлтан қаласын көргендер астанадан алған әсерлерімен бөлісті.