Әр кітапхананың адам сияқты, өзінің өмірбаяны, өзіндік тарихы, өзіндік белгілі бір бағыты бар. Әулиекөл аудандық кітапханасы биыл 95 жасқа толды.
Осы жылдар ішінде көптеген тарихи маңызды оқиғалар қамтылды: мемлекеттер өзгерді, дәуірлер өзгерді, оқырмандар мен олардың ұрпақтары, кітапханашылар өзгерді, оқырмандардың кітап таңдаудағы ерекшеліктері өзгерседе, ал жайлы, шуақты және жылы Әулиекөл аудандық кітапханасы осы жылдар бойы кітап сүйер қауымды, қарым-қатынасты бағалаушыларды, шығармашылықпен әуестенуші оқырмандарды аса зор сүйіспеншілікпен тарта білді және жалғастырып келеді. 27 қыркүйекте кітапхана фойесінде осындай айтулы оқиғаға арналған «Достар шеңберіндегі мерейтой» атты әдеби мереке өтті. Біздің кітапхана мәдени, білім беру мекемелерімен, қоғамдық ұйымдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, шығармашылық топтарымен және басқа да көптеген ұйымдарымен әрдайым достық қарым-қатынаста. Осы мерейтойлық мереке күні оларды зор қуанышпен қарсы алдық. Мерейтойлық кештің салтанатты сәтінде Кітап, Кітапхана және Кітапханашыларға арналған жылы лебіздер айтылды. Мерекелік кешті «Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бас маманы Ш. Балдықбаева құттықтау сөзбен ашып,ізгі тілектерін білдірді. «Әулиекөл аудандық ОКЖ» ММ директоры С. Серкебаева өзінің әріптестерін шын жүректен құттықтап, қуанышты мерекені бөлісуге келген қауымға ризашылығын білдірді. Осы мерейтой күні біз артқа көз тастап, кітапхананың қуанышты сәттерін бір сәт еске алдық. Ағаштың жайқалып өсіп-өнуі тамырының беріктілігіне байланысты екені бәрімізге белгілі, ал кітапхананың ардагерлері – тамыры болып саналады. Бұл күні өздерін кітапхана ісі саласына арнаған ардагерлеріміз, сүйкімді, қарапайым жандар – Н.М.Мудрагеля, Юркова Н.И. шын жүректен құттықтадық. Кітапхананың ең сенімді және адал оқырмандары Дарбаева Р.Т., Дивак В.В., Долматов Б.Ф., Кобелков В.А., Никитюк Т.Н. алғыс хаттармен марапатталды. Біздің кітапхана жазушы,ақын,журналист, қалам қайраткерлерімен үнемі тығыз байланыста. Мерекеге белгілі, жергілікті ақын А.Х.Қажи келіп құттықтау сөз сөйледі. Құттықтаулар мен гүл шоғырлары мерекеге ерекше сән берсе, аудандық мәдениет үйінің әншілері Е.Қасымов және Н.Бектеміров кеш бойы әсем әндерін сыйға тарту етті.
Мереке туралы әңгіменің соңын барлық әулиекөлдіктерді құттықтаумен аяқтамақ болдым. Кітапхананың есігін ашсаңыз, барлық күйзеліс пен қарбаласу, әбігершіліктен арылып кетесіздер. Ұлы жазушылар мен ақындардың, танымал тарихшылар мен публицистердің, әйгілі ойшылдар мен философтардың еңбектері сіздің қиялыңызды оятып, естеліктеріңізді жандандырады, үміттеріңізге сенім ұялатады дегім келеді.