Қазақстанның тәуелсіздігі - бұл көп ұлтты елдің маңызды жетістігі. Қысқа мерзім ішінде жас тәуелсіз мемлекетке айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық жетістіктерге жетуге және халықаралық деңгейде танылуға мүмкіндік берген ұлттың бірлігі мен ұйымдастығы болды. Тәуелсіздік, сонымен бірге көп ұлтты Қазақстан халқының бірлігі - оның болашақ гүлденуі мен табысының кепілі.
13 желтоқсанда Әулиекөл аудандық мәдениет үйінің фойесінде «Тәуелсіздік – елімнің еркін жолы» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандық жол», «Тәуелсіздік стратегиясы», «Еуразия жүрегінде» және басқа туындылары ерекше орын алады. Көрмеде сонымен қатар Қазақстанның тәуелсіздігінің қалыптасуы мен дамуы туралы баяндайтын олардың ішінде: Ә.Әлеубек «Болашағына қол созған Қазақстан», К.Адырбектың «Тәуелсіздікке талпыныс», М.Қозыбаевтың «Киелі Тәуелсіздік», М. Жолдасбековтың «Тәуелсіздік тағылымы», Ә.Нысанбаевтың «Тәуелсіздік. Демократия. Гуманизм» шығармалары ұсынылды. Кітап көрмесінде барлығы 36 кітаптар мен журналдар ұсынылған.
Мақсаты: кітапхана пайдаланушыларына тәуелсіз демократиялық мемлекеттің құрылуы және оның қазіргі экономикалық, саяси және әлеуметтік дамуы туралы ақпарат беру.