Юльев ауылдық кітапханасында Ф.Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған «Тыңда мені жүрекпен» атты өлеңдер байқауы өтті. Сайыс 7-11 сынып оқушылары арасында өтті. Іс-шараның мақсаты: ақынның тұлғасы туралы оқырмандардың идеяларын қалыптастыру; жас ұрпақтың шығармашылық мұрасына қызығушылығын арттыру, мәнерлеп оқуды дамыту, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.
Фариза Оңғарсынова – ешкімге ұқсамайтын, қазақ поэзиясының классикасының ең жақсы дәстүрлерін дамыта білген, ерекше тұлға. Фариза Оңғарсынованың поэзиясы заманауи ырғақтармен, өткір ойлармен және қазақ дәстүрлерінің әуезділігімен ерекшеленеді. Оның өлеңдері анаға арналған махаббат, ерлік тақырыптарына , интернационализм және ақын, поэзияға арналған. Оның шығармаларын дауыстап оқып, үнемі қайта қайталап оқығың келіп тұрады. Ф.Оңғарсынованың жан дүниесіне жақынырақ болу үшін кітапханашы оның өлеңдерін мәнерлеп оқуға конкурс өткізді. Іс-шара жүргізушілері оқырмандарды Ф.Оңғарсынованың өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстырды, оның сөйлеген сөздері туралы бейнеролигін көрсетті, одан кейін негізгі бөлім - ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқуға көшті. Қазылар алқасының шешімімен көрермендерге оның өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтатын төрт оқушы іріктелініп алынды.Олар : «Анашым» өлеңін жан тебірентірлік әсермен мәнерлеп оқыған Кунекова Аяжан 11 сынып оқушысы «Ең үздік оқушы»,орыс тілінде «Разговор со степью на заре» өлеңін ерекше орындаған 11 сынып оқушысы Акжанов Төлеген «Орындау ерекшелігі»номинациясына ие болды. «Ұстазым» өлеңін шынайы орындағаны үшін «Шынайлы орындау үшін» - 11 сынып оқушысы Көшімбек Динара, «Мәнерлеп оқу»номинациясын жеңіп алған 7 сынып оқушысы Бекмагамбетова Хайят, «Азамат» тақпағын мәнерлеп оқыды. Іс-шараның барлық қатысушыларына дипломдар және шағын сыйлықтармен марапатталды. Іс-шара мерекелік шай дастарханымен және естелік ретінде көпшілікпен фотоға түсумен аяқталды.